Ордабасы ауданынан келген оқушылар облыстық полиция департаментіне арнайы экскурсия жасап, тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысымен танысты. Олар құқық қорғау саласының тыныс-тіршілігін көріп, қызмет барысын бақылап, полиция қызметкерлерімен еркін пікір алмасты.
Кездесуге «Жас сақшы» патриоттық сыныбының оқушылары қатысты. Шәкірттердің басым бөлігі болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуді армандайды. Сондықтан экскурсия талапкерлер үшін ерекше әсерге толы болды. Оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды. Іс-шара жасөспірімдердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, бойларындағы патриоттық рухты күшейтті. Сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіптің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.