Түркістанда жаңа үлгідегі заманауи банк ғимараты бой көтермек. Облыс әкімі «ForteBank» басшылығымен кездесіп, өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және жаңа филиал құрылысын талқылады.


Жоспарға сәйкес, жаңа нысан 2 немесе 3 қабатты кешен түрінде салынбақ. Ғимарат маңынан кең автотұрақ қарастырылып, тұрғындар мен клиенттерге қолайлы жағдай жасалады. Банк өкілдері құрылыс жұмыстарын жақын күндері бастауды жоспарлап отыр. Жоба 7-8 ай ішінде толық пайдалануға берілуі мүмкін. Сонымен қатар қаржы ұйымы алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да филиал ашуға ниетті екенін жеткізді. Мамандардың айтуынша, жаңа орталықтың ашылуы шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, тұрғындарға көрсетілетін цифрлық әрі банктік қызмет сапасын арттыра түспек.