Шымкентте волейболдан республикалық турнирдің жалауы желбіреді. Дәстүрлі бәсеке – көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбековті еске алуға арналған. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген профессор-оқытушылар қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Дүбірлі доданың деңгейі ауқымды. Бас жүлдені сарапқа салу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Атырау, Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларынан келген 8 команда жиналды. Студенттерге дәріс оқитын профессорлар бұл жолы спорттық шеберліктерін паш етіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
РӘБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Биыл университеттің құрылғанына 35 жыл болды.Әр жыл сайын біз мұндай іс-шаралар өткізіп тұрамыз.Бүгінгі жарысқа да елдің түрлі өңірінен келген оқытушылар қатысып жатыр.
Әбдімұса Мұратұлы – саналы ғұмырын ғылым мен білімнің дамуына арнаған, ұлттық жоғары білім беру жүйесінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан қоғам қайраткері. Ғалым ғылымның биік шыңын бағындырып қана қоймай, спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған.
КӘРІМБЕК ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ
Шынықсаң шымыр боласың дейді. Бұл университет тек білім беріп қана қоймай, спорттан да алда келе жатыр.Студенттері әрдайым жеңіске жетіп келеді.
Тартысты бәсеке екі күнге созылады. Кіл мықтының ішінен озып шыққан жеңімпаздар қаржылай сыйақымен марапатталады.