Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Арбат демалыс аймағында өткен думанды кешке жиналған жұртшылық ән тыңдап, театрландырылған қойылымдарды тамашалап, ұлттық рухты сезінді.
Мерекелік бағдарламада өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, би биледі. Әсіресе, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры мен Жастар театры әртістерінің сахналық қойылымдары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Театр ұжымдарының әсерлі өнері мерекенің мазмұнын аша түсті. Балалар да бұл күнді ерекше әсермен өткізді. Қуыршақ театрының кейіпкерлері кішкентай көрермендермен бірге ойнап, суретке түсіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал Арбаттағы қолөнер көрмесі мен кітап жәрмеңкесі келушілердің қызығушылығын арттырды.
НҮРКЕН ОРЫНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Шымкент тұрғындарына арнап кішігірім концерт қойып жатырмыз. Барша қала тұрғындарын Рәміздер күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралар кешкі уақытта Шымсити саябағындағы үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты. Қала тұрғындары бұл күнді ерекше көңіл-күймен атап өтті.