Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Файзулла Байдуллаев тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі берілген жаңа басшыға облыс әкімі табыс тіледі. Сондай-ақ өңірді дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктелді.


 Файзулла Байдуллаев 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Шымкент университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы банк саласында бастаған. Әр жылдары жетекші және бас маман қызметтерін атқарып, кейін басшылық лауазымдарға дейін көтерілген. 2016–2019 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, 2019–2022 жылдары филиал директоры қызметін атқарды. 2022–2025 жылдары «Түркістан» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болды. 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.