"Хакім Абай мен – Жасанды интелект! Бүгін Шымкентте Ұлттық ғылым академиясының академигі академигі, белгілі жазушы Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, Жасанды интеллект»атты жаңа туындысының тұсауы кесілді. Автор Абай мұрасын заманауи IT-технологияларымен үйлестіріп, мүлдем соны тың форматтағы еңбек ұсынып отыр. Оқырманды бірден баурап алған бұл ерекше кітаптың құпиясы неде? Болашақ пен өткен шақ қалай тоғысты?
Еңбектің мазмұны оқырманды бірден баурап алады. Кітапта Абайдың өлеңдері мен қарасөздері жаңа қырынан ұсынылып, заманауи форматта берілген. Сонымен қатар автор жасанды интеллекттің негізгі қағидаларын түсіндіріп, оны меңгерудің маңызын атап өтеді. Ғалымның пікірінше, заман талабына сай бейімделу – уақыт талабы.
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН, ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚАУ директорлар кеңесінің төрағасы 8471;02:34-02:53 «Мен бұл жобаны алғаш рет оңтүстікте бастап отырмын. Бұл – кітаптың алғашқы презентациясы. Алдағы уақытта ол Қытайда, өзге де шетелдерде жарық көреді. Франкфурттағы халықаралық кітап жәрмеңкесіне де шақырту алдық. Сол жерде де таныстырылады.»
Кеш қонақтарының айтуынша, хәкім Абайдың терең философиясы мен заманауи технологияның тоғысуы ұлттық ғылымға жаңа серпін бермек. Көпшілік Абай мұрасы жасанды интеллектпен ұштасса, жаңа дәуірдің тың идеялары дүниеге келетініне сенім білдірді.
НАРИМАН НҰРПЕЙІСОВ, АБАЙТАНУШЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ
«XX ғасырдың басында Абайтанудың жаңа кезеңі басталды. Ал XXI ғасырда, жасанды интеллект дәуірінде Абайды жаңаша түсінуге мүмкіндік туды. Бұл кітаптың энциклопедиялық мәні бар деп ойлаймын.»
Басқосуда кітаптың ғылыми құндылығы жан-жақты талданып, мамандар тарапынан тұщымды пікірлер айтылды. Сондай-ақ еңбектің жас ұрпаққа берер тәрбиелік және танымдық маңызына ерекше назар аударылды.