Түркістандағы «Парасат» саябағы бүгін ерекше түрленді. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен ауқымды экологиялық акцияға жүздеген тұрғын мен еріктілер қатысты. Бір күнде саябақ тазарып, мерекелік көңіл-күй орнады.
Атаулы күн 1972 Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен адамзат пен табиғаттың үндестігін сақтау мақсатындал бекітілген. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән беріліп келеді. Түркістан облысы бұл бастаманы алғашқы күннен бастап қызу қолдап, жүйелі жүзеге асырып жатыр.
НҰРАЛЫ ӘБІШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Кеше ғана түркітілдес мемлекеттердің президенттері жиналған кезде оң бағасын беріп жақыс ойда кетті. Ол тек қана қазақстанда емес, қазіргітаңда түркітілдес мемлекеттердің президенттері, ол кісілердің қасында қанша адам келдің. Солардың барлығы оң бағасын берді.
Парасат саябағында атаулы күнге орай саябақ аумағында әктеу, сырлау және тазалық жұмыстары жүргізілді. Ал экологиялық акцияға белсенді қатысқандар алғыс хатпен марапатталды.
АБИБУЛЛА ҚОҢЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
5 маусым 2026 жыл Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шара нәтижесінде мені облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Еңбегімізді елеп, жетістіктерді жалғастыруға үлкен сенім артты. Соны жалғастыруға тырысамыз.
Өңірдегі барлық аудан, қалаларда экологиялық іс-шара ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, жақында өткен Тазалық марафонына 19 мыңнан астам тұрғын мен еріктілер қатысып, 6 295 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 490 гектар аумақ абаттандырылып, 246 тонна қоқыс шығарылды.
НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бір айлық немесе тоқсандық науқан емес, қоғамның өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама. Бүгінде сіздермен бірлесе отырып, облысымыздың тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған көптеген игі істерді жүзеге асырып келеміз.
Іс-шара аясында саябақта жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.