Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен аудан-қалалардың бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу барысы қаралды. Мәжілісте өңірдегі сәулет және қала құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жиында Түркістан қаласының жаңадан бекітілген Бас жоспары таныстырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен бекітілген құжатқа сәйкес, қала аумағы 22,3 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы кеңейтіліп, көпқабатты үйлер салынатын аумақтар ұлғайтылмақ.
ҚУАНЫШ АСАНОВ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кешенді сызбаны толық қолданысқа енгізу арқылы аудан-қала шекараларын нақтылап, қоныстандыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туады.
Облыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу барысы да қаралды. Қазіргі таңда 7 қала мен халқы 5 мыңнан асатын елді мекендер 58 жоба аясында қамтылған.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2025–2029 жылдарға арналған жол картасы аясындағы жобалар сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Жиын соңында облыс әкімі аудан-қала әкімдеріне барлық жоспарлау жұмыстарын уақтылы аяқтауды, жобалардың сапасын арттыруды тапсырды. Цифрландыру үдерісін де күшейтпек.