Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен көшпелі кездесулері жалғасуда. Осыған дейін өткен кездесулерде халық көтерген бірқатар мәселе оң шешімін тауып үлгерген болатын. Ал бүгінгі кездесудің барысын тілшіміз Әлімбекқызы Анэль тарқатады.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен жиында аудан халқы өздерін алаңдатқан бірқатар мәселені көтерді. Тұрғындардың айтуынша, ауданда инфрақұрылымға қатысты түйткілдер әлі де бар. Кездесу барысында жер телімдерін рәсімдеу, табиғи газ, ауыз су, электр жарығы, сондай-ақ асфальт төселмеген көшелердің мәселесі сөз болды. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мен оларға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі де тұрғындар назарынан тыс қалған жоқ.
Қаратау аудан тұрғыны: Қахраман көшесінде 5 жыл болды газ қысымы төмен қыста қиналып жатырмыз...
Әкім жауап: жекеменшік бұрыннан келе жатқан мекемелер өткізген. Енді қазір біздің мемлекеттік газға өздеріңіз қосылсаңыздар болады. Ешқандай да қысыммен проблема болмайды.
Кездесуде тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін тікелей қала әкіміне жеткізіп, жауапты басқарма өкілдерінен нақты жауап алды.
Қаратау аудан тұрғыны: Осы жерлерге мектеп жәек балабақша салып берсеңіздер
Әкім жауабы: Қазіргі таңда аталған нысандардың барлығы қаланың Бас жоспарына енгізілген. Жоспарда олардың нақты орындары белгіленген және кезең-кезеңімен жүзеге асыру қарастырылған. Сондықтан бұл жұмыстар алдағы уақытта халық санының өсуіне қарай жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
Айта кетейік, қала әкімінің көшпелі кездесулері 5-8 маусым аралығында жалғасады. Ал бүгінгі жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.