Шымкентте үлкен өзгерістер! Бүгін шаһардың әлеуметтік-экономикалық бағытын айқындайтын мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Қызу талқылау, маңызды шешімдер және әрине, кадрлық ауыс-түйіс!Иә, Тұран ауданына жаңа әкім келді. Бұл жауапты кресло енді Біржан Әзімбердиевке бұйырды. Жаңа әкім ауданның түйткілді мәселелерін қалай шешпек? Алқалы жиынның кейбір сәттері мен маңызды шешімдері жайынды әріптесім Аружан Самидин айтып береді.

ЛАЙФ АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ:
Соңғы жылдары Тұран ауданы шаһардағы қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың біріне айналды. Мұнда жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, жолдар мен әлеуметтік нысандардың құрылысы жүйелі жүргізілуде. Осыған байланысты ауданның жаңа басшысына тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, коммуналдық түйткілдерді шешу бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отыр.


 БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
 «Тұран ауданында жарықтандыру, асфальт төсеу мәселелері бір жолға қойылған. Бұл жерде газ мәселесі бар. Қазір бұл бойынша жұмыс жүріп жатыр. Алдағы уақытта мәселені толық шешеміз.»


ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСІ 99 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Мәжіліс барысында халық қалаулылары қаланың бас қаржылық құжаты мен инвестициялық әлеуетін сарапқа салды. Отырыста қала бюджетінің атқарылуы жайлы есептер тыңдалып, қазына қаражатының тиімді жұмсалу жайы қаралды.


РУСЛАН БАҚТЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Жалпы бюджеттің кірісі 99,6 пайызға орындалды. Қазір қосымша кіріс көздерін арттыру жұмысы жүргізілуде. Бюджеттің жалпы кірісі 56 пайызға жетіп отыр.»


ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПЕН КӨШЕ АТАУЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жиында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен қызмет көрсету сапасы талқыланды. Бұл жобалардың қала экономикасын дамытуға қосып отырған үлесі де назардан тыс қалмады. Депутаттар жолаушылар көлігі саласына енгізілетін өзгерістерді қарап, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды саралады. Сондай-ақ, көше атауларын өзгерту жайы да айтылды.


 БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бұл жерде екі көше атауын өзгерту жайы талқыға түсіп жатыр. Қаратау мен Абай аудандарындағы көшелерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аты-жөнін беру туралы өтінім тиісті орындарға жолданды. Осы ұсынысты мақұлдауларыңызды сұраймын.»


ШАҺАР ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Маңызды шешімдер қабылданған алқалы жиын қорытындысында депутаттар мен жауапты басқарма басшылары тарапынан айтылған ұсыныстар қаралды. Сондай-ақ, шаһар дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды. Ал отырыстаәзірленгеншешімжобаларыалдағыжиындаталқығатүспек.