Шымсити саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге рухани әсер сыйланды. Жиналған жұрт ұлттық құндылықтарды дәріптеген бағдарламаны ерекше ықыласпен тамашалады.


 «Шымкент концерт» концерттік ұйымы ұйымдастырған бұл кеш – көк Ту, Елтаңба және Әнұранды ұлықтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге бағытталды.


ҚУАНЫШБЕК БОЛАТБЕК, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ КОНЦЕРТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, МУЗЫКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл кештің негізгі мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау және жастарға патриоттық тәрбие беру.


 Кеш барысында «Қаратау» фольклорлық ансамблі мен вокалды-аспаптық ұжымдар ұлттық күйлер мен халық әндерін орындады. «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері сахнада көркем хореографиялық қойылымдар ұсынды. Туған жер мен елдік рухты дәріптеген әндер көрерменге ерекше әсер қалдырды.


ШОЛПАН МӘУЛЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бейбітшілік болсын! Жастар бақытты болсын. Өте керемет кеш өтті. Ұйымдастырушыларға рақмет!


 Айта кетейік, мұндай рухани кештер алдағы уақытта да жалғасады. Әр сенбі-жексенбі күндері қала саябақтарында «Шымқала кештері» атты концерттік бағдарламалар өтпек.