Шымкентте 20 млн теңгелік алтын жымқырған ұрылар ұсталды. Олар бөтен үйдің терезесінен кіріп, әшекей бұйымдарды қолды еткен.
Бір айдың ішінде 5 күдікті онға жуық пәтерді тонап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 20 млн теңгені құрайды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.