«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Бұл жолы қаланың белсенді жастарды тазалық жұмыстарына атсалысты. «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Түркістан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің ауласы тазаланды.


Акцияға «Таза Өлке» КММ қызметкерлері мен қала ерікті жастары белсенді түрде атсалысты. Ұйымдастырылған шара барысында аумақтардағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналып, барлығы 1 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникамен шығарылды.


МЕЙІРХАН АБУТӘЛІПОВ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ

Бүгін бізде 50 шақты волонтер ерікті келіп отыр сонымен қатар 30 ға жуық тазалық мекемесінің қызметкерлері келіп тұр екі техника бар барлығы белсене атсалысуда.


2025 жылдың басынан «Таза Қазақстан» акциясы аясында 49 іс-шара ұйымдастырылып, 3000 ерікті жас қамтылып, 40 тоннаға жуық қалдық шығарылған. Қала тазалығы біздің мәртебеміз –дейді белсенді жастар.


КӨРКЕМ ЕСЕТОВА, ЕРІКТІ

Бүгін біз Түркістан көшесін тазалаймыз. Бұған дейін сенбіліктерге шығып жүрміз. Осыған дейін Маятас Бадам өзеніні жағасын тазалауға қатыстық. Базаоларды және балалар ойнайтын аулаларды жинаған болатынбыз.


 Мұндай экологиялық акциялар қоғамдағы тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жастардың экологиялық санасын көтеру мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.