Түркістан қаласында өткен қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың бірқатар өзекті мәселелері тікелей қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері мен сот, прокуратура қызметкерлері қатысты.
Қала тұрғындары жеке сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерін ортаға салды. Әлеуметтік, коммуналдық және құқықтық сипаттағы түйткілдер кеңінен талқыланып, әрбір азаматқа заң аясында нақты түсіндірме берілді.
ЗУЛЬФИНCА ӘБДІРАЗАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қаланың прокаратуралары сот органдары барлығы жиналғандарын көріп өзімнің мәселемді қала прокарутасына шағымдандым.Сүйтіп жартылай шешімін таптым десемде болады құдай қаласа . Рахмет қызметкерлерге.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар жер, су, тұрғын үй, денсаулық сақтау, санитарлық қауіпсіздік, қылмыстық және әкімшілік істер сынды мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.
БЕКСҰЛТАН БЕЙСЕНБАЙ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Осы тұрғындарға өзекті болып жүрген сұрақтары жер,су,тұрғын үй,емхана,аурухана сондайақ мынау сэс төтенше жағдай ,қылмыстық істер ,әкімшлік істер және басқада осындай өздерін толғандырып жүрген барлық мәселелер бойынша салық органдары бар солардың дер кезінде шешімдерін табу үшін осындай құқықтық іс-шара қоғамдық өткізілуде.
Мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға сеп болмақ.