AMANAT партиясының мүшелері қайырымдылық акциясын жалғастырды. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Игі бастаманың негізгі мақсаты – балалардың сапалы білім алуына жағдай жасап, отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралар дәстүрге айналған. Бұған дейін 250 отбасыға көмек көрсетілген.
МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Алдағы уақытта жоспарымыз 2000 оқушыға осындай мектеп сумкасын сыйға тартатын боламыз. Біз өзіміз маниторинг жұмыстарын жүргіземіз. Жағдайы мүшкіл аудандардан , мынау жастар орталығынан ардагерлер кеңесі ауыл билеріменен ақылдасып өздері бізге списоктарын береді . Біз сол бойынша таратамыз .
Халық қалаулылары көрсеткен көмекке тұрғындар да мәз. Олар акция ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
ҚОБЫЛАНДЫ ИСАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Көп балалыларға қамқорлық жасап міне бәрін шақырып іс-шара жүргізіп жатыр, құтықтап жатыр, қамқорлық жасап жатыр . Аманат партиясы әрқашанда халықпен бірге болып бірге болсын деп алғысымызды айтамыз Аманат партиясына .
AMANAT партиясы бастамашы болған қайырымдылық акциясы – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Мұндай іс-шаралар балалардың білім алуына ғана емес, отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал етпек. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын табады.