Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.


Прокурор Жиембайды 11 жыл 3 айға соттауды талап еткен болатын. Айыпталушы жаза ретінде еркінен айырмауды сұраған. Алайда, сот нақты үкім шығарып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартты. Үкім бойынша сотталушы жәбірленушіге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 117 960 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Естеріңізге салып өтейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында Берденовке қарсы оқ атылып, ол ауыр жарақат алған еді.


ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, СУДЬЯ

Жиембай Ернар Жиембайұлы ҚК 24 бабы 3 бөлігі арқылы қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.