Түркістан елімізде жаңа жұмыс орындары ең көп ашылатын облысқа жатады. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында мұнда 130 мыңнан астам азамат екі қолға бір күрек тапқан. Бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш.
Облыстық жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше, жұмыс орындары төрт бағытта құрылып жатыр. Ұлттық жобалар мен жеке инвестициялар арқылы 4 мыңнан астам, Президенттің «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Ал субсидия арқылы 46 мың, еңбек нарығындағы бос орындар арқылы 57 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналаспақ. Қазір өңірде 375 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде облыста 2 700-ден астам жұмыс орны ашылған. Жеке инвестициямен жүзеге асып жатқан 125 жобаның 100-ге жуығы іске қосылып, 1398 азамат жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек, жастар тәжірибесі, «Күміс жас», әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына тарту жұмыстары жалғасқан. Ал жаңа бизнес-идеяларды қолдауға 1 700-ден астам мемлекеттік грант беріліп отыр.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан қала әкімдері обылстық басқарма басшылары іске асырылатын жобалардың мерзімді және әрі сапалы іске қосылуын және тұрақты жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз етуді тапсырамын . 2025 жылғы бекітілген индикаторлар мерзімді және әрі сапалы орындалуын тапсырамын .Қосымша инвеститциялар тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашылуларын қамтамасыз етуді ,жұмыспен қамту мәселелері бойынша берілген индикаторлардың орындалуы және жұмыссздық деңгейін төмендету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын.