Аптадағы айшықты оқиғалар, өзекті мәселелер, атқарылғане игі шаралар кезекті баспасөз брифингінде айтылды. Көпті толғандырған сұрақтарға жауап берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен кездесті. Онда инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік, құқық қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.


Жетім көрсең жебей жүр. Қала әкімінің орынбасары алдымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай кейбір азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек біріліп жатқандығын атап өтті. Атаулы күнге орай мүгедектігі бар балалар мен ата-анасынан айрылған балаларға бір реттік қаржы қала бюджетінен бөлінгенін сөз етті.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК деңгейінде бұл 19660 теңгені құрайды. Бір реттік әлеуметтік көмек берілмекші 8323 бала бар екен тізімі алынған. Сондай ақ конституцияның 30 жылдық мерей тойына орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да 20 АЕК 78640 теңге бір реттік әлеуметтік көмек берілмекші.


 «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан 2025 жылы қала аумағындағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 5 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Қалған 21 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер мен жаңадан бой тіктеп жатқан білім ұяларын жаңа оқу жылына дейін тапсыру көзделген.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Сол ренавалациаланатын мектептердің 9 -ы толық аяқталдыф жаңа оқу жылына дайын Дарынды балаларға арналған №1 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін толық дайын болады.


Баспасөз мәжілісінде БАҚ өкілдері әлеуметтік көмек беру, Қошқар ата өзені бойындағы үйлерді кәрізбен қамту, тарифті көтеру, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Қала әкімдігінің ресми өкілі және тиісті басқарма қызметкерлері барлық сауалға толыққанды жауап берді.