ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Халық қалаулысы жұмысын жаңадан бастаған және ісін ілгерілетіп жатқан бірқатар кәсіпорындарды аралады. Тақырыпты тілші тарқатады.


Мәжіліс депутаты, қалалық мәслихат депутаттары алдымен жаңадан ашылған «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің жұмысын бақылап көрді. Мекеме басшысының айтуынша, жаңа ғимаратқа өз қаражаты есебінен 1,2 млрд теңге инвестиция салып мекемені іске қосқан. Күні кеше лицензияға да қол жеткізген. Жаңа зертханада 30 адам, жалпы мекемеде 200 адам жұмыс істейді. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келеді.


 ҒАЛЫМЖАН ПОШЫМОВ, «КДЛ ОЛИМП ОРДА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

 Қалада 40 шақты емхана кабинеттеріміз бар. Пациенттеріміз анализ тапсырады сол анализдерді биоматериалдарды осы жерге тасымалдап анализдерді осы жақта жасаймыз. Бүгін мәжіліс депутаты АЗАТ ПЕРУАШЕВ келіп обьектімізді көріп бағалап кетті.


Халық қалаулылары «WAN SHENG CERAMIC» ЖШС тынысымен де танысты. Ауқымды зауыт құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Оның біріншісінде инвестор 13 млрд теңге құйған. Нәтижесінде экспорттық керамогранит өндіретін желі құрылып, 350 адам жұмыспен қамтылған. Енді екінші кезеңін бастауды көздеп отыр.


АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

 95 процент опарациялар роботтандырылған. Яғни адамның қатысуынсыз автоматика түрінде атқарылып отыр. Осы инвестордың айтуынша олар екінші кезеңді бастағалы отыр. Менде айттым барынша қолымыздан келгенше тырысамыз


Сондай-ақ, Азат Перуашев «QAZALPACK» ЖШС-і алюминий банкаларын өндіретін зауытқа да барды. Өндіріс басшысы кәсіпорынның қазіргі жай-күйі, қызметкерлерді оқыту, оларды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір мұнда қызметкерлер шетел тіліне, жалпы өндірістік бағытта тәлім алуда. Мекеме директорының мәлімдеуінше, өнімдер ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан нарығына шығарылады. Жалпы мұнда алюминий қаптамалардың барлық түрі өндірілуде.