30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай Шымкентте әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға бір реттік төлем жасалады.


Мүгедектігі бар балаларға - 19 660 теңгеден үлестіріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 78 640 теңге көлемінде көмек беріледі. Қалада 8 323 ерекше бала мен 673 жетім балаға қаражат аударылады. Төлемдер автоматты түрде жүзеге асады, ата-аналар мен қамқоршылардан өтініш талап етілмейді. Айта кетерлігі, бұл қолдау жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Биылғы төлем Конституция күніне орай ұйымдастырылып отыр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Мүгедектігі бар балаларға - 19 660 теңгеден үлестіріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 78 640 теңге көлемінде көмек беріледі. Қалада 8 323 ерекше бала мен 673 жетім балаға қаражат аударылады.