Еліміздегі ТОП – 10 жоғары оқу орнының қатарына кіретін М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да ақша жымқыру схемасы әшкереленді. Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.


Олар сыбайласып қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасаған. Тәргеу нәтижесінде жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сөйтіп, 6 бірдей қымбат автокөлік, Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Қылмыстық іс сотқа жолданып, күдіктілер қазір үй қамақта отыр.