«Алатау» дәстүрлі өнер театры Түркістанда. Олар Мұхтар Әуезовтің жауһар туындысы – «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын ала келіпті. Аншлагпен өткен қойылымды халық ерекше ықыласпен қабылдап, зор ризашылық білдірді.


Гастрөльдік сапарын сыр өңірінен бастаған Алатаулықтар Түркістан шаһарына да табан тіреген. Сапар барысында театр «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы мен қоса, балаларға арналған «Әгугәй мен Игигәй» қойылымын және «Алтыбақан» ән-күй кешін сахналады. Көрермендер қойылымнан ерекше әсер алып, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне терең бойлаған сәттерге куә болды.


 ҚАРАКӨЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, «АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Біз қасиетті мекенге келдік. Түркістанға. Түркістан біріншіден киелі жер. Екіншіден өнерді сүйетін жер деп келдік. Бұл біздің Оңтүстікке алғашқы гастролдік сапарымыз.  Бұл енді әрине, қалжыңға құрылған, Қазақтың сөзін де, қалжыңын да түсінетін дүние деп, драмалық шығарманы, комедияны, музыкалық комедияны осында алып келдік. Біз өте тәнтіміз бұл өңірге. Біріншіден керемет, әдемі ғимарат, керемет театры, Жалпы қала көркейіп жатыр. 


Гастроль барысында театр Алматы мен Жетісу облыстарының 16 елді мекенін аралап, онда 8 мыңға жуық көрермен алдында өнер көрсеткен. Алматы облысының бірқатар аудан-ауылдарын аралап үлгеріпті.


 МЕКЕНХАН ҚОЖАХМЕТ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Алатау өнер ұжымына Біздің қаламыздың осындай ерекше, тұрғындарға ерекше көңіл сыйлап, көтеріңкі көңіл сыйлап Руханият пен мәдениет пен толыцқтырғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! 


Дәстүрлі өнерді жаңғыртып, оны кең көлемде насихаттауды мақсат еткен театры ұжымы сапар барысында өңірлердегі театрлармен ынтымақтастық орнатып, болашақта тың жобалардың негізін қаламақ. Бұдан бөлек, Халықаралық деңгейде де қазақ өнерін насихаттауға ниетті. Биыл «Алатау» театры Мәскеудегі Чехов фестиваліне және Франциядағы Авиньон театр фестиваліне қатыспақ нетте.