Антқа адал, серттен таймау – сарбаздың басты міндеті. Шымкент аумақтық қорғаныс бригадасында әскери міндеттілер арнайы тактикалық оқу-жаттығулардан өтіп, 50120 әскери бөлімінде 82 әскери ант қабылдады. Жылына 2 мәрте өткізілетін шараның биылғы ерекшелігі неде? Шынар Әуелбай тарқатады....


 Биылғы әскери ант қабылдау бұрынғыдан өзгерек. Сап түзегендердің қатарынан мемлекеттік қызметшілерден бастап, жеке кәсіпкер, инженер, ұстаз, құрылыс саласының маманы да табылады. Нұрбек Жұмабайұлының негізгі қызметі – инженер. Ол оқу-жаттығу жиынында граната лақтырып, шеберлігін шыңдады.


НҰРБЕК КЕРІМБЕКОВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР

 Оқу-жаттығу жиыны барлығы жақсы деңгейде өтті. Әскери қызметшілер бәрі өзінің біліктілігін салып, білімін салып қатысып жатыр. склейка. Осындай жиынға қатысуға барлықтарыңызға осындай іс-шараға қатысуға атсалысқаны жақсы. Әр азамат Отанын елін, жерін қорғауға азаматтық қасиетті боырышы, парызы деп білемін. 


10 күнге созылған жауынгерлік даярлықтан өткен әскери міндеттілер енді кез-келген қауіп-қатер мен техногенді сипаттағы жағдайларды жою, маңызды объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылады.


 БАҚЫТЖАН ӘШІМОВ, 50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ, ПОЛКОВНИК

Бұл жерде әскери қызметшілер емес, ол менің әскери бөліміме тіркелген әскери міндеттілер. Және де ол барлығы әскери қызметші емес, Шымкент қаласының халқы арасынан шақырылған әскери міндеттілер болып табылады. Бұлардың ерекшелігі - өз уақытында келуі, арыз-шағымсыз, қойылған тапсырма, бұйрықтарды орындап, аз уақыттың ішінде бейімделіп кетті. 


 Әскери жиынға қатысушы қызметкерлерді сұраныс арқылы жергілікті әскери басқару органдары тіркейді. Олар 5 жылда бір рет осындай жиындардан өтіп тұрады. Офицерлер құрамы – 60 жасқа, ал сержант пен қатардағы жауынгерлер – 50 жасқа дейін әскери міндеттілер құрамына кірмек. Айта кетейік, 50120 әскери бөлімі өткізетін кезекті оқу-жаттығу жиыны енді қыркүйек айына жоспарланып отыр.