Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 2005–2007 жылы туған жастар арасында қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнирдің жалауы екінші мәрте көтерілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» жөніндегі бастамасы аясында, ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 8 команда қатысты.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазақ күресі насилхатап жастардың бойындағы отаншылдық намысшылдық қайсарлық оятатың бүгінгі дала қырандары республикалық турнир Түркістан төрінде өтіп жатуы біз үшін үлкен мақтаныш.
Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Турнир жеңімпаздарына жалпы 4 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде тағайындалды.
БОЛАТ ҚАЛМҰРЗАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазақ күресі біздің ата бабамыздың сал дәстүрге тамыры терең жайылған себебі кез келген ата бабамыздың бұл жиынға осы қазақ күресінің сайысы өлмейтің жәнеде сол сайыста жеңіп шықан жеңінпаз ерекше құрметеп мадақтайтын.
Бұл турнир ұлттық мұрамызды насихаттап жас балуандардың шеберлігін шыңдауға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, қазақ күресінің тарихи маңызы мен тәрбиелік мәніне арналған мазмұнды мәліметтер беріліп, арнайы дайындалған мәдени бағдарламада патриоттық әндер мен халық би ансамбльдерінің қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.
ҚАЙРАТ ПАЗЫЛБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қаза күресі ұлттық спортымыз Әбіл атамыздың спор түрімен тенестірілгендіктен бәрініз жақсы білесіздер қазақ күресі ұлтық спорт біздің ұлтымыздың басқа елдерге танытатын төте жолы бұл біздің мәдениетімізң салт дәстуріміз
Ұлттық спорты ұлықтап жастардың күреске деген қызығушылығын арттыру білектің күшімен жүректің жігерімен төрге жол салады. Тек балуандардың емес рух пен салттың сайысы.