Ақын Светқали Нұржан пьеса негізінде қойылған спектакльнде Едігедей ерен тұлғаның тарихи болмысы мен қатар ұлтымыздың қайраткер ұлдарының ерлігін көрсетті. Екі күнге созылған көрініс театр әртістері үшін оңай соқпағаны белгілі. Қойылым барысында Едіге рөлін Мейірбек Шакенов сомдаса, Тоқтамыс ханның бейнесін танымал әртіс, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Мағзом Бақытжанов сомдады. Сонымен қатар өзге де театр әртістері «Ер Едіге» қойылымында өнер көрсетті. Кеш барысында дәстүрлі ән, күйлермен қатар классикалық әншілер шеруі, «Саз» балалар студиясының орындауында «Ақтөбе – алтын бесігім» мюзиклі шырқалды. Ақын Әбдірахман Асылбековтың өлеңіне жазылған композитор Бейбіт Оралұлының «Түркістан маршы» әні Түркістанда алғаш рет орындалды.

Зкрия Жандарбек – көрермен   00:22 - 00:40

Театр ұжымы сатқындық пен алауыздық елді ыдырататынын санаға сіңіріп, түркілерді бірлікке шақырды. Бүгінгі қойылымның басты кейіпкері елдің тұтастығы үшін жанын пида қылған, мемлекетшіл тұлға – Едігенің бейнесі қай заманға да үлгі болары сөзсіз. Өзге де кейіпкерлері арқылы сол өткен алтын ғасырдың жарқыраған және көлеңкелі тұстарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Айгерім Сапарбекова – көрермен   00:01 – 00:31

Түркі елінің рухани астанасында сахналанған пьесса көрерменнің көілінен шықты. Екі өңірдің арасын байланыстырған рухани керуенге Түркістан жұртшылығы алғыстарын жеткізді.