Қазақстанның жаһандық бастамалары. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі үрдісі.  Әлемдік аренадағы саяси рөлі ол бейбіт өмірді дәріптеу және оны ұстану. Осы мақсатта Қазақстан алғаш болып ядролық қарудан бас тартқан еді. Бұл бастама мемлекетіміздің сыртқы саясатына деген бағытын анықтап берді. Бүгінде Қазақстан әлемдік сахнада өзіндік орны бар, халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалған, Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылды. 

Қазақстан жаһандық аренада көпвекторлы саясатты ұстанады. Бұл демократиялық мемлекеттерге тән қасиет. Ол өзге елдердің ішкі ісіне араласпау, олардың территориялық бір­тұ­­тас­тығын құрметтеу, өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынастарға түсу, эконо­ми­калық жүйесін және этникалық, діни құн­дылықтарын құрметтеу сынды ұстанымдарға негізделген. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы саяси бағытты ұстанып, өзге елдер арасында беделі артты. Көпвекторлы саясатты ұстанған мемлекет әлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тәртібіне қарамастан, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады дейді саясаттанушылар. 

Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып жүр. Мәселен 2017 жылы өткен Астана процесінің Таяушығыс елдеріндегі текетіресте араағайындық жасап, бітімгерлік бастамасын оңтайлы жүзеге асыра білді. Сонымен қатар халықаралық гуманитарлық бағыттардағы шараларда аз емес.

Айта өтейік Қазақстан жаһандық бастамасын ядролы қарудан бас тартудан бастады. Нәтижесінде ядролық арсеналы бар ірі елдер – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері ядролық сынақтарға мораторий жариялаған.