SIM-карталарды сату тәртібі өзгерді. Енді оларды тек байланыс операторының ресми кеңселерінде ғана сатып алуға болады. Бұл шешім азаматтардың жеке деректерін қорғау және байланыс саласындағы алаяқтықпен күресу мақсатында қабылданды.


Министрлік мұндай шектеу қазақстандық байланыс операторларына дүрбелең тудырмайды деп есептейді. Өйткені елде бір адамға мыңнан аса нөмір тіркеледі. Осыған орай, енді бір тұлғаға 5–10 нөмірмен шектеу қою ұсынылды. Егер артық нөмір қажет болған жағдайда растайтын құжат тапсыру талап етілмек. «Жаңа ережеге сәйкес, SIM-карталарды рұқсатсыз сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында айыппұл түріндегі жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр», – деп түсіндірді министрлік өкілдері. Айыппұлдың нақты мөлшері әзірге белгісіз.. Осыған байланысты ұялы телефондар, басқа да гаджеттер мен оларға арналған аксессуарлар сататын дүкендер, сондай-ақ супермаркеттер мен үй маңындағы дүкендер бұдан былай SIM- карталарды сата алмайды.