Маусым айында жастар кадр резервінің төртінші іріктеуіне құжат қабылдау басталады. Іріктеу толығымен ашық, әділ және цифрлық жүйеге негізделген. Кезекті науқан алты кезеңнен тұрады және маусым мен қазан айлары аралығында жүзеге асырылады. Құжаттар арнайы ақпараттық жүйе арқылы онлайн қабылданады.
Одан кейін үміткерлер мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бойынша екі түрлі тестілеуден өтеді. Сандық тестілеуге тек ең жоғары балл жинаған 50 пайыз кандидат жіберіледі. Үміткерлер онлайн форматта өтеді ситуациялық тапсырмаларды шешу сынына да қатысады. Нақты салалық мәселелерге қатысты эссе жазу арқылы өз ойлау қабілетін, мәселеге деген көзқарасын және оны шешу жолдарын ұсынады. Үздік нәтиже көрсеткен 300 үміткер келесі кезеңге өтеді. Құзыреттерді бағалауда ассессмент-орталық форматында үміткерлердің көшбасшылық, талдау және шешім қабылдау, сендіру, проактивтілік қабілеттері бағаланады. Одан кейін, 23–28 қыркүйек аралығында кәсіби HR мамандары қатысатын сұхбат кезеңі өтеді. Қорытындысында 150 кандидат бесінші кезеңге өтеді. Бұл кэезеңдерде сарапшылық комиссия үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді. Ұлттық комиссия қарауынан кейін Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданатын болады. Бұл жүйелі және әділ іріктеу жастар үшін ел ісіне араласудың нақты жолын көрсетеді. Агенттік бұл үдерісті қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікпен жүргізіп келеді. Президенттік жастар кадр резерві – жастардың кәсіби дамуына ғана емес, еліміздің болашағына да салынған сенімді инвестиция.
ҚАДЫРБЕКОВ ҚАНАТ КЕРІМХАНҰЛЫ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мемлекеттік қызметке адал, білімді және ел мүддесін бәрінен биік қоятын жастарды осы іріктеуге белсенді түрде қатысуға шақырамыз.