Қазақстанда татулығы мен бірлігі жарасқан 130-дан астам этнос өкілдері тұрады. Олардың барлығының тілегі бір. Елдің тыныштығы мен ауызбіршілігі. Бұл жолда барын салып, арадағы келісімді жалғап жүрген журналистер мен блогерлерді қолдауды Мемлекет басшысының өзі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV (34) сессиясында айтқан болатын. Өңірдегі ахуалмен бүгін клуб төрағасы танысып, жетілдіру жағын талқылады.
Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісімді дәріптеуді көздеген жиында этносаралық қатынастар саласының негізгі түсініктерін дұрыс қолдану жайы талқыланды. Осы орайда, бірнеше мысал кетіре сөйлеген ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев рейтинг қуамын деп, өзара алауыздықты тудырмауға шақырды.
АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Этностарға қатысты терминдерді қалай дұрыс пайдалану керек. Арнайы глассари алып келіп осы әріптестерімізбен бөлісіп отырмыз. Оны алса, оқыса, таныса ақпаратпен бөліске кезде қылмыскерлердің ұлтын айтып, этностар арасындағы түсінбеушіліктерге алып келіп қоймауы әрекеттрінің алдын алу болып табылады».
Билік пен халық арасын жалғаған журналистер бірінші кезекте жауапкершілікті сезінуі керек. Осылай деген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жалған ақпараттың жарға жығатынын жиында жіліктеп тұрып түсіндіріп берді.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Дұрыс айтылмаған сөз екі мемлекет арасындағы соғысқа әкелуі мүмкін. Дұрыс айтылмаған сөз бір отбасын екіге бөліп жіберуі мүмкін. Не болмаса, ұйып отырған жанұяны ажырастырып жіберуі мүмкін, не болмаса дос болып жүрген адамдарды. Сол себептен менің айтып отырғаным біріншіден шынайы ақпарат беру».
Жиында клуб мүшелірі өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Осы орайда, этносаралық қарым-қатынастар саласында атқарылған жұмыстарды БАҚ беттерінде жариялау жайында жан-жақты талқылады.
БАҚТИЯР ТАЙЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Әріптестеріме айтарым, бірлікке жұмыс істейік. Әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін, ашынып әрнәрсе айтуы мүмкін, сол кезде журналистер басы бірігіп, блогері бар осы бір мақсатқа ұйысу керек. Ол дегеніміз ішкі тыныштықты сақтау. Міне, осыған біз қызмет істеуіміз керек».
ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубы осы уақытқа дейін этникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп келген. 15 тілде хабар тарататын 52 БАҚ қатары алдағы уақытта көбейетінін болады.