Биыл құрылыс басқармасы 104,9 млрд теңгеге 98 нысан салуды жоспарлаған. Оның 68-і жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Бүгінде межедегі бір нысан ел игіліне тапсырылды. Ал қалған 29 ғимараттың құрылысы келесі жылға өтпелі. Осылай деген құрылыс басқармасының басшысы Олжас Таджибаев баспасөз отырысын өткізіп, 5 айда атқарылған жұмыстардың есебін берді.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

2025 жылы басқарма 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 57 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлаған. Онда 3 592 пәтер болады. Жыл соңына дейін оның 31-і пайдалануға беріледі. Сала жауаптысы «санға сай сапа ұсыну басты мақсат», - дейді.


ОЛЖАС ТАДЖИБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

– «Басқарма тарапынан, қадағалаушы мекемелердің тарапынан қадағалау күшейтілді. Келісімшарттағы кепілдік мерзімі бұрын 5 жыл болса қазір ол 7 жылға дейін созылды.» 


 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Келісім шарт талаптарын өрескел бұзып оны орындамағандар басқарма сын садағына іліккен. Биыл қызметіне атүсті қарап, салғырттық танытқан мердігер мекемелер мен техникалық, авторлық қадағалаушыларға 5,6 млн теңге айыппұл салынған.


ОЛЖАС ТАДЖИБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

– «Кепілдік мерзіміне байланысты ахуалдар болған жағдайда басқарма тарапынапн жұмыстара тқарылып жатыр. Атқармаған мекемелерге айппұлдарын салып жатырмыз.» 


 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, басқарма басшысы журналистер жолдаған сауалдарға жауап берді.