Мегаполисте «Ана тілі және отбасы - 2025» байқауы қорытындыланды. Ұлттық кодты дәріптеп, мемлекеттік тілді насихаттайтын жарысқа балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысты. Салт-дәстүрге тамыр жіберіп, оның мән-маңызын талдаған дода – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздейді.
5 жастағы Жандаулет Өмірәлі байқау аясында ұлттық құндылықтарға терең бойлап, төл спортқа құмартқан. Атасынан тоғызқұмалақ үйренген ол интеллектуалды бәсекенің қыр-сырына үңіліп жүр.
ЖАНДАУЛЕТ ӨМІРӘЛІ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
– «Мен тоғызқұмалақты атамнан үйрендім. Атам тоғызқұмалақ ойнау керегін айтты.» – «Бұл ойын менің зейінімді ашып, талабымды арттырды.» – «Мен бос уақытымда балалармен бірге тоғызқұмалақ ойнаймын.»
Отан – отбасынан балталады. Тал бесікте сіңген тәрбие, шаңырақта берілген тәлім бала бұғанасын бекітіп, көзқарасын қалыптастырады. Осылай деген Гүлмира Жанысбекова: «байқаудың берері мол. Ол ұлттық негізді дәріптеп, бала бойында құндылық сіңіреді» дейді. Сөзінше байқауға негізінен өзге этнос өкілдері қатысқан.
ГҮЛМИРА ЖАНЫСБЕКОВА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Ең бірінші талабымыз ол жерге этнос балалары қатысуы керек. Этнос балаларына қазақтың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қазақ тілінде жеткізу біздің мақсат. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту»
Байқаудың іріктеу кезеңі сәуір айында өткен. Онда шаһардағы 10 балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналар бақ сынасты. Қатысушылар мақал-мәтел жаттап, сахналық қойылым көрсетті.
БИБІНҰР ҚҰЛЖАБАЕВА, БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ
– «Байқау барысында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғырттық.» «Танабау дейтін дәстүрді көрсеттікү Келген
Қорытынды кеште балабақша ұжымдары өнер көрсетіп, қойылым сахналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.