Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда техникалық реттеу және метрология саласындағы проблемалар, халық үшін қауіпті учаскелер мен нысандардың мәселесі қаралды. Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын дамытудың 2025–2028 жылдарға арналған жоспары талқыланды.


 Техникалық реттеу және метрология саласында 600 бақылау жұмысы жүргізіліп, 467 жағдайда заңбұзушылық анықталған, орындалуы міндетті ұсынымдар мен нұсқамалар берілді. Заңнама аясында 8 150 860 теңге көлемінде әкімшілік жазалар қолданылды және олардың барлығы мемлекеттік бюджетке аударылды. Сондай-ақ, қала әкімі айтылған өзекті мәселелерді болдырмау бойынша бірқатар тапсырма беріп, қажет жағдайда әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ықпалымен жалпы 21 аумақ анықталған. Оның ішінде Абай ауданында - 9, Әл-Фараби ауданы - 2, Еңбекші ауданы-1, Қаратау ауданында - 5, Тұран ауданы - 4 аумақ әшкереленді. Анықтамалар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жолданды. Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде атқарып, түсіндірме шараларын күшейтуде тапсырмалар берді. Жиында «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын» дамытудың 2025–2028 жылдарға арналған жоспарымен бөлісті. Бүгінде шетелдік зообақтардан жануарлардың жаңа түрлерін жеткізуде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға жануарларды талапқа сай күтіп-бағуды ескертіп, аумақты абаттандыруда нақты тапсырмалар берді.