Балаңыз күні-түні телефонға телміріп, тұйықталып жүрсе, сақ болыңыз. Онлайн ойындар жеткіншектердің санасын улап жатыр. Оларды үйден қашуға, биіктен секіруге итермелейтін қосымшалар да аз емес көрінеді. Қауіпті ойынның алдын-алу шаралары қалай жүріп жатыр. Ата-аналар балаларды мұндай ойындардан алыстата алады ма? Толығырақ әріптесім Әсел Ерболқызы көрсетеді.
Ұл-қызын мектепке жетектеп, жетесіне ақыл құйған ана Малика Мадибекова. Жолдасымен бірге 2 перзент тәрбиелеп отырған келіншектің көңілі алай-дүлей. Есі енді ғана кірген баласы еркелеп емес, есерсоқ мінез көрсетіп, бейтаныс біреудің тапсырмасын орындап жүр. Онлайн ойынға тәуелді балаларын психологпен жұмыс жасап жүріп, әзер құтқарған екен.
МАЛИКА МАДИБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Мінез құлықтарының өзгеруінен байқадым. Одан кейін олардың телефондарын көру арқылы қандай ойындар ойнайтынын байқап, қазір телефонды шектеу арқылы көретін қылып жасап қойдық.
Онлайн ойынның ең қорқынышты әсері баланы кибербуллингке ұшыратады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қазақстандық жасөспірімнің 13 пайызы, яғни 8 баланың біреуі, оның ішінде қыздарға қарағанда ұлдар көбірек қорлықтың құрбаны болады екен. Өңірде жыл басынан бері мұндай қауіпті сайттардың 1000-нан астамы бұғатталған екен.
МАҚСАТ ШЕГІРБАЙ, КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ
Алдын-алу бойынша бұл жерде ең бастысы интернетте қалай қорғану қажет екені, ата аналар арапынан не жасау керек екені, балаларға қандай интернет желісінде қандай нелерді білген жақсы тосқауыл қойылмаған жаман контенттерге кірмеу жайында.
«Шатырдан секір», «үйден қаш», «сен батырсың»... Қазіргі балалардың виртуалды ойыннан естіп келе жатқаны осы. Көше кезген балаға онлайн теріс тапсырма, бұрыс бұйрық береді. Ата-ананы да жек көрінішті етіп көрсететіні жайдан-жай емес.
Шымкентт онлайн ойын ойнаймын деп, 6 сынып оқушысы алаяққа алданып, анасының 2 миллион теңгесін аударып жіберген.
МАҚСАТ ШЕГІРБАЙ, КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ
Бұл жерде жас баланы ешкім қорқытпаған. Жасөспірім бала өзінің ата-анасының дерегін үшінші тұлғаға беру арқылы анасының ақшасынан айырылып отыр. Яғни бұл жерде алаяқ сеніміне кіріп сенімін теріс пайдаланған.
Бала – білсем, көрсем деп тұрады. Неге болса да қызығушылығы жоғары. Сондықтан түрлі зиянды қосымшалар мен ойындар баланың зейініне зілдей батып, санасын уламасын десек, шектеу қажет. Мөлшерден асқанның бәрі зиян. Ал мамандар балаңыз тұйықталып, айтқан тіліңізді алмай, тез ашуға боялдыратын болса, телефонын бірден бақылауға алуға кеңес береді.
АЙГҮЛ МҰХТАРХАНҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ
Басты қателігі балаға көңіл бөлмеу,уақыт арнамау, Тұйықталады. Бала ешкіммен араласқысы келмейді, тек қана телефонда отыра бергісі келеді. Сол виртуалды әлемге кіріп кетеді, мына өмір дым қызықсыз боп қалады. Жұмсағанда бала агрессияға беріледі ой мама деп. Ашуланады ызаланады қиқарлық танытады. Сол кезде де бала тәуелді болғанының бірден бір белгісі
ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
- Буыны қатпаған бүлдіршінді буындыратын интернет ойындардың түрлері жетерлік. Зиянын зерделеп, салдарын сарпаламай жатқан ата-аналар да аз емес. Байқағаныңыздай, виртуалды өмір, ритуалды өлімге жеткізуі мүмкін.