Келесі оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.
Вице-министрдің айтуынша, қазірде Республикада 122 жоғары оқу орны бар, оның 10-ы зерттеу оқу орны және 23 филиал жұмыс істеп тұр. 2024-2025 оқу жылы бойынша азаматтық білім алу ордаларында 680 мыңнан аса студент білім алады. Оның ішінде 624,5 мыңы бакалавриатта, 39,2 мыңы магистратурада, 7,6 мыңы докторантурада және 8,9 мыңы резидентурада оқып жатыр. Басым бөлігі педагогикалық бағытта білімдерін жетілдіруде.
ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар, биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге., магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантуар деңгейінде 1,75 есеге артады.