Бала қауіпсіздігі сала мамандарын алаңдатып отыр. Әсіресе жазғы маусымда орын алатын апатты жағдайлардың алдын алу үшін тиісті жұмыстар басталып кетті. Осы орайда, Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастауыш сынып оқушыларына өрт пен судағы қауіпсіздікті түсіндірді. Хайуанаттар саябағына алып барып жануарлар әлемімен таныстырды. Тарту-таралғы жасады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
Өрт сөндірушілер тек қызыл жалынды сөндіріп қана қоймайды. Олар балалардың көңіл күйін көтереді. Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері 1 маусым халықаралық баларды қорғау күніне орай 70-ке жуық мектеп оқушысын хайуанаттар саябағына алып келді. Жануарлар әлемімен таныстырды.
Мұндағы мақсат тек хайуанаттармен таныстыру емес. Алдағы жазғы демалысты ескерген төтеншеліктер балаларға тілсіз жаудан сақтанудың жолдары мен суға шомылу қауіпсіздік ережелерін ұғындырды.
Хайуанаттар саябағында балалар өрт сөндіру құрылғысымен танысып, арнайы техниканың көмегімен су шашып көрді. Сондай-ақ Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары оларға балмұздақ таратты.
ҚАРЛЫҒАШ НӘЛІБАЕВА, ҰСТАЗ
балалар зоопаркке келіп жан-жануарларды көріп, өрт сөндіру қызметкерлерінің дайындаған сыйлығы балмұздағын деп өте қызықты. Өрт сөндіру қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдірмеміз. Балалар қауіпсіздігі біздің басты мақсатымыз. Осы қауіпсіздік ережелерімен жақсы танысты деп ойлаймын балдарды. Біздің мектепте де өрт сөндру қауіпсіздігін айтып отырамыз. Тәрбиесағатында 10 минут уақыт бөлінген. 10-15 минут. ОСы уақытта біз балдарды таныстырып отырамыз.
Қандайда бір олқылықтың алдын алу мақсатында төтеншеліктер біліктілігін пысықтауға кіріскен. «Балалар қауіпсіздігі басты мақсатымыз» тақырыбындағы іс шара мектептерде жиі ұйымдастырылады.
АСЫЛБЕК ЖҮНІСБЕКОВ, АБАЙ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИГІ
Осы іс-шараны қаламыздағы үш мектептің жетпіске жуық оқушысын шақырта отырып, балаларды Шымкенттегі хайуанаттар саябағына шақырта отырып балаларды өмір қауіпсіздігіне, балалардың қауіпсіздігі басты мақсатымыз екенін түсіндіріп өтіп ТЖ орын алған кезде дұрыс әрекеттің маңыздылығын түсіндіру, жарақат алған кезде, алдын ала көмек көрсету кезінде қандай дағдыларды жасау керектігін қалыптастыру мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз.
Жазғы уақытта белгіленбеген орында шомылатындар көбейеді. Оқыс оқиғаларды болдырмау үшін профилактикалық жұмыс басталып кетті.