Шымкентте қарақұрт 8 адамды шағып, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілген. Санитар дәрігерлер кененің де көбейіп жатқанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда улы жәндіктер шаққан азаматтар саны 2,5 есеге артқан. Дегенмен жағдай бақылауда.


Биыл шымкентте көктем құрғақ, әрі аптап ыстық. Күн райының бұндай құбылысы улы жәндіктерге қолайлы жағдай тудырады. Соның әсері болса керек қарақұрттар белсенді болып алған. 8 адамға зардабын тигізді. Оның екеуі ауруханада жатыр.


 МАДИНА ЕРМАХАНБЕТОВА, ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ОТТЕГІМЕН ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

«Қара құрттың тиіп кетуі қатты байқалмайды, аздап тесіп кеткендей әсер қалдырады. Өрмекшінің шағуы адам өміріне қауіпті болып саналады Денеңіз дірілдеп, қызыуыңыз көтерілуі мүмкін. Сондықтан уақыт жоғалтпай дәрігер көмегіне жүгінбесеңіз оның соңы ауыр жағдайға соқтыруы әбден мүмкін.


Қаладағы саябақтар мен гүлзарлар тұрақты түрде залалсыздандырылып жатыр. Дегенмен жәндіктер қарасы азаймай тұр. Күннің күрт қызуы да улы жәндіктердің бәрін қоздырады. Жаз мезгілінде жыландардың арасында да будандасу процесі жүреді. Сол уақытта бауырмен жорғалаушылар да аса қауіпті болады. Ал, түнде өрмекшінің улылығы екі есе артады. Қалада бұдан бөлек кене шақандар да бар.


КЛАРА АДЫРБАЕВА, АБАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Улы жәндіктер тістегендердің саны айтарлықтай өсті. Бұл кенелердің белсенділігі жоғары екенін көрсетеді. Тұрғындарғы айтар өтінішім, Даладағы киім-кешектерді киерде және балаларды серуендеткенде өте мұқият болыңыздар,дер едім.


Санитар дәрігерлер жылдағы жоспар бойынша 3 мыңға жуық кенені тексерген. Оның 13-інен қауіпті дерт анықталған. Сондықтан қандай жағдай болмасын ең бірінші тазалық сақтап, улы жәндік шаққан жағдайда дереу дәрігерге баруды ескертеді.