Бала қауіпсіздігін сақтауды мақсат еткен төтеншеліктер Түркістан шаһарында да арнайы сайыс өткізді. «Керуен сарайы» туристік орталығында ұйымдастырылған байқауға 300-ден аса бала қатысты. Жерге сурет салып, флешмоб билеген жас өрендер өлең оқудан да жарысты. Мамандар оларға өрт сөндіру техникаларын да таныстырды.
Балалар мен 100-ден аса қызметкер жұмылдырылған жиынды облыстық білім басқармасы мен төтеншеліктер ұйымдастырған. Басты мақсат – балаларды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда орындалуы тиіс іс-әрекеттермен таныстыру. Сондай-ақ алдағы шомылу маусымына дайындықты жүргізу талаптары да айтылды. Сайыс қорытындыларына сәйкес, Сабыр Рахымов мектебі І орынды қанжығаға байласа, М. Жұмабаев мектебінен келген оқушылар ІІ орын иеленді, ал ІІІ орынды Хамза мектебі алды.
ЖАСҰЛАН АЙНАБЕК, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастыруымен Бала қауіпсіздігі –басты мақсатымыз атты үлкен іс-шара бүгінгі таңда ұйымдастырылып жатыр. Қызметкерлердің техникаларын арнайы мақсатта пайдаланатын техникалардың дұрыстап, оқушыларға түсіндіру. Және де өрттер, жазғы уақытта суға шомылу бойынша талаптарды сақтауды түсіндіру.