Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау фактілерінің жиілеуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.


Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған. Оның ішінде бесеуі көз жұмған. Ал қалғаны әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Министрлік былтыр осындай 196 жазатайым жағдай тіркелгенін айтты. Ең көп зардап шегетіндер үлкендердің қарауынсыз қалатын 2-13 жас аралығындағы балалар екен.