Жол полицейлері бір топ көлік жүргізушілерді тоқтатты. Бұл жолы айыппұл жазып, ескерту жасау үшін емес, мараппаттау мақсатында.
“Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкенттік тәртіп сақшылары ерекше акция өткізді. Онда МАИ қызметкерлері жыл бойы жол ережесін бұзбай, көлікті мүлтіксіз жүргізген азаматтарға алғыс айтып, сақтандыру полисіне сертификат табыстады. Жүргізушілер цифрлық жүйелердің көмегімен таңдалған. Үздіктерді анықтауда жеңімпаздың күнделікті қозғалыста болуы, ұзақ шақырымды еңсеруі ескерілген.