Заң мен тәртіп – басты талап. Идеологияны жан-жақты түсіндіру үшін облыс прокурорлары Turkestan Arena стадионында ауқымды іс-шара өткізді. Оған мыңға жуық білім алушы қатысып, аға буын айтқан ақпараттарға құлақ түрді. Жиын барысында арнайы шақырылған спикерлер жас шәкірттерге салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық тәртіпке сай әрекеттену қажетін ескертті.
Іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен даңқты бапкер Мырзағали Айтжан жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай жиын барысында басқа да түрлі салаларда жетістікке жетіп, оң нәтиже көрсеткен азаматтар сөз сөйлеп, жастарды белсенді болға үндеді. Ақындар жыр айтып, келушілерді рухтандырды.
СӘКЕН БИБОСЫНОВ, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
– Сіздерді тәртіпке бағынуға шақырамыз. Біліммен қатар бос уақыттарыңызда спортпен шұғылданыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!»
Жиында профилактикалық видеороликтер көрсетіліп, қауіпсіздік жайы талқыланды. Кәмілеттік жасқа толмағандарға түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүруге болмайтыны ескертіліп, жаднамалар таратылды. Өңірдің бас прокуроры жастарды адал жұмыс істеп, қоғам игілігін басты орынға қоюға шақырды.
МҰРАТ ТЛЕУБЕРДИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ
– «Құрметті жастар! Елдің болашғы өздеріңіздің қолдарыңызда. ОСндықтан қоғадмағы мәселелерге немқұрайлы қарамай атсалысып, қауіпсіз қоғам, орта құруға шақырамын.»
Іш-шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.