Түркістан облысында ұлттық ойын түрлері жаңғырып келеді. Сарыағаш ауданында алғаш рет әке мен баланың қатысуымен асық атудан турнир өтті. Оған аудандағы 60-қа жуық мектептен үміткерлер қатысып бақ сынады.


№71 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған турнир ұлттық мұраны дәріптей отырып, асық ату ойынына деген құрметті арттыруға бағытталған. Жарысқа ауданнан 60-қа жуық мектептен әке мен бала жұбы қатысты.


МҰСТАФА СҮЛЕЙМЕНОВ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

2017 жылы ЮНЕСКО ның материалдық емес құндылықтар тізіміне енген асық ату ойыны. Асық ату ойынын бізден басқа мемлекеттер де қолдап жатыр. Оларда ойнап жатыр. Бізге қалған мұраны ары қарай жалғастыру келесі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Оған адалдық танытуда сіздер мен біздердің парызымыз.


Асық ату сайысының ережесіне сәйкес әке мен бала жұп болып қатысады. Ойын қағидасын сақтау маңызды. Әр ойыншының өз ойын техникасы болуы керек. Ал ұйымдастырушылар мұндай сайыс жас буынға ұлттық құндылықты сезіндіріп әке мен баланың байланысын нығайта түспек дейді.


АБЫЛАЙ БЕРДІХОЖАЕВ, №71 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Аудан көлемінде тұңғыш рет асық ату жарысын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл жарысқа ауданның мектептерінен қатысып жатыр. Асық атудың пайдасы жастарға логиканы дамытады. Ойлау қабілеті, математиканы, ептілікті және жүгіруді. Бұл асық атудың ережесінің мақсаты дәлділік мергендік соны ңбарлығын балаынң бойында қалыптастыру.


Дәстүр мен тәрбиені тоғыстырған турнир ұлт рухын ұлықтаудың тағы бір жарқын көрінісі іспеттес.