Нашақорлық қоғам дерті. Оның зардабы тұтас ұлттың тамырына балта шауып, құрдымға жіберуі мүмкін. Сондықтан да оның қауіп-қатерін, салдары мен салмағын жас буынға жете түсіндіріп, ескерту қажет.
Ұрынды ойды ту еткен Түркістан облысында полиция қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізіп, нашақорлықтың залал-зардабы жайында ақпарат берді. №7 техникалық колледжде ұйымдастырылған іс-шарада есірткінің денсаулыққа тигізер зияны, психотроптың өнімдердің қылмыстық жауапкерлілік жайы сөз болды. Полиция ескертуін 150-ге жуық студент ұйып тыңдап, көкейтесті сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ студенттерге нашақорлықтың салдарын бейнелейтін профилактикалық бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында жастар өз ойларымен бөлісіп, есірткіге деген теріс көзқарастарын білдірді.