Алғашқы 140 балл! Ордабасылық түлек ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсетті. Ешбір сұрақтан мүлт кетпеген. Бір қызығы ол алтын белгі иегері емес екен. Ешнәрсеге қарамастан сынақтан сүрінбей, ең жоғары балды жинаған Жәнібек Әбілханның құпиясын Шынар Әуелбай сұрап білді.
Жан-жақтан жауған құттықтау, БАҚ өкілдерінің бірінен соң біріне сұхбат беру, құшақ-құшақ гүлдер мен бағалы сыйлықтар... Жәнібек Әбілхан мұндай сәттің келерін сынақ аяқталмай жатып-ақ сезіпті. ҰБТ-ға дайындықты 10-сыныпта бастаған ол тестілеуде өзінің біліміне сенімді болған. Ең қызығы, Жәнібек – алтын белгі иегері емес. Дегенмен аттестатында төрттігі жоқ оқушыларды шаң қаптырып кеткен. Мұны анасы күйзелісі мол сынаққа 2 жылдық дайындығының арқасы,-дейді.
ГУЛЯ БОРАНБАЕВА, АНАСЫ
Әлі универ таңдаған жоқпыз. АИТИ мамандығы бойынша, соның ішінде өзі біледі, салалары көп екен ғой.. біз түсіне бермейміз. Өзіне қойып отырмыз таңдауды, оқытқан ұзтаздары бағыт-бағдар көрсетеді ғой... Енді бізде де бірінші мәрте болып тұр да бұндай жағдай...
ҰБТ үздігі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп гимназиясының түлегі. Информатика пәнін сүйіп оқитын оған бастапқыда гуманитарлық пәндер қиынға соққан. Әсіресе, тарих пәніне ерекше ықылас қойыпты.
ӘБСАТТАР ОРАЗБЕК, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Қазақстан тарихынан Жәнібекті 2024 жылдың бірінші шілдесінен бастап ҰБТ дайындаған ұстазымын. Жалпы Жәнібек бізде дайындықты ерте бастағанның нәтижесінде оны ерте аяқтады. Және ВИП ағымдарға жақсы оқыған оқушылардың Вип ағымына қатысып, жақсы нәтиже көрсете алды. Бұдан бөлек, наурыз ҰБТ алдындағы кітап талдау курстарына қатысып, Қазақстан тарихынан аздап қиналды.Себебі, наурыз ҰБТ-дан 20-дан 19 алып қалған еді. Сол нәтижесін көтеру үшін кітаптарды қайталау арқылы, өзінің қайталау жұмыстары арқылы қазақстан тарихындағы С деңгейлік сұрақтар сәйкестендіру, хрон.ритммен қой деген сұрақтарға қиналмай дұрыс жауап бере алды.
Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысында қазір 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Оның 33 мыңнан астамы 11-сыныпты тәмамдайды. Олардың ішінде 2 313 оқушы «Алтын белгіге», ал 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал Ұлттық біріңғай тестілеуде 27 386-сы тест тапсырады. Түлектердің басым дені жаратылыстану - математикалық пәндерді таңдаған.