Мәдениет – ұлттың төлқұжаты, ал өнер – айнасы. Екеуі бірге өркениетіміздің өзегін бейнелейді. Сахна мен отбасын қатар алып жүру де бұл салада оңай шаруа емес. Алайда ортамызда өнер десе жанын беріп жұмыс істейтін жастар аз емес. Осындай жандардың қатарында ерлі-зайыпты Абылайхан Қыдыралиев пен Балжан Қайратқызы да бар. Жұбымен жұмыс істейтін актерлер қалалық әзіл-сықақ театрында өнер көрсетеді. Олар шығармашылықтың шыңына бірге шығып, отбасы татулығын сақтап келеді.


Абылайхан Қыдыралиев Шымкент саз колледжінің түлегі. Өнер жолын Жетісай қаласындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театрында бастаған. Шымкентке бір жыл бұрын Уәлибек Әбдірайымовтың шақытруымен келіпті. Қазіргі таңда сахнада жұбайымен бірге өнер көрсетіп, көпшілік көзайымына айналып жүр.


АБЫЛАЙХАН ҚЫДЫРАЛИЕВ, ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

 Бір жағы біздің сатрира театры эстрада жанрын да қамтиды. Бұл эстарда да сатира да ән би барлығы кіреді. Түпкі мамандығымыз әнші блғанан кейін осы салаға тура келіп қамтып тұрмыз. Жұбайым да осы салада. Бірге алдыңғы театрдан біре істеп келе жатырмыз. Бізді таныстырған да осы өнер. Соның арқасында нәпақамызды тауып жүрміз. Бір қызымыз бар. Ол да осы театрдың қызы болып кеткен. Әртістермен бірге сахнаға шығып жәйләп үйреніп келе атыр енді.


Абылайхан жұмысқа әйелімен бірге келіп, бірге қайтады. Себебі жан жары да өнердің адамы. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Балжан Қайратқызы Жетісайдың тумасы. Өнер жолын жергілікті театрдан бастап, болашақ жарымен сонда танысқан. Ол түрлі жанрдағы спектакльдерге қатысады. Би билеп, ән де айтады.


БАЛЖАН ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

 Өзімнің таңдауымнан ешқандай жаңылмағанымды түсіндім. Әрі бақыттымын. Қолдау білдіретін аға-әпкелеріміз, ата-анамыз бар. Кішкентай кезімнен бастап аға әпкелелепді көріп өскеннен кейін дәр қазіргі сәтте Уәлибек Әбдірайымов ағамен бірге Жүсіп ақшора ағаларымызды кішкентайдан көріп өстік қой. Қазір көз алдында жұмс жасап жатырмыз. Орта өте жайлы жылы көңілді. Өнері бар адамды жоғары көтеріп бағалайтын орта. Жалпы біз қай жерде жұмыс жасасақ та өте ыстық ұядан алыстап қалған жоқпыз. Барлығы бір үйдің баласындай керемет қабылдады. Жетісай театры да қазіргі сатира театры да.


Бұл театрдағы жалғы отбьасылық жұп емес, отбасымен өнер саласында қызметте жүргендер көп. Әртістерге театр тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі.


 ӘЛИЯ ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Бізде театрда екі жұп бар. Сүлейменова Ақмарал бар. Ақымбеков Ғалымжан бар ерлі зайыпты. Одан қалса Балжан Қайратқызы, Абылай деген жас отбасылар бар. Осы салада қызмет істеп жүр біраз жылдан бері. Одан бөлек жақ қызметкерлер бар. Жас мамандарды жұмсқа қабылдап, өркендеп дамуына үлес қосмыз. Рөлдер беріледі. Жалпы барлық жағдайлар жасалады. Одан қалса баспанасы жоқ жас әртістеріміз бар. Жас отбасылар бар соларды қолдау мақсатында жатаханамен қамтамасыз етіп жағдайлар жасалады.


Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде қалалық әзіл сықақ және сатира театрының қызметкері Айгүл Есенова қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің атынан алғыс хатпен марапатталды.