Шымкентте «Абайлаңыз, балалар» акциясы басталды. Оқушылар полицейлердің киімін киіп, жол сақшыларының қызметін атқарды. Оған біздің арнаның түсірілім тобы да қатысып қайтты.


Балалар бір күн тәртіп сақшыларының кейпіне енді. Олар жүргізушілерді тоқтатып, жол ержелерін түсіндірді. Арнайы парақшалар таратты.


МЫРЗА АБЫЛАЕВ, ПД ПОТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ

Бұл акцияның мақсаты – жүргізушілерге жол ережесін бұзбау, жаяу жүргіншілерді осы сияқты балаларды жаяу жүргіншілер жолағынан өткізу. Яғни, құқық бұзушылық жасамау.


Жол-көлік оқиғаларының статистикалық көрсеткіші көңіл құлазытады. Былтыр Шымкентте 274 бала көз жұмса, соның 90-ға жуығы жол апатының салдарынан болған. Ұйымдастырушылар акцияны осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін және жеткіншектердің осы мамандыққа қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынғанын айтады.


ӘЛИХАН БАҚБЕРГЕНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Бүгінгі акция абайлаңыз балалар акциясы деп аталады. Тұран ауданы әкіміқызметкерлерімен жол потрульдік полиция қызметкелері бірігіп оқушылардың жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша өткізіп жатқан іс шара. Алдағы уақыттта мұндайіс-шаралар өз жалғасын табады. Әкімдік және жол потрульдік полция тарапынан


Періштелердің демі дөңгелек астында үзіліп жатыр деген ақпарат желіде желдей есіп жүр. Ата-аналар қорықпай қайтсін? Осы тұста, бүлдіршіндердің жол ережесі жайлы халықты ақпараттандырып жүргені қала тұрғындарын да қуантқаны өтірік емес.


ГУЛЬЗАДА МУСАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен өте қуанышытымын, өйткені мұғалімдер, ата-аналар балалармен осылай жұмыс жасап, түсіндірме жұмыстырын жүргізіп жатыр. Бұл балалардың болашағына сенімменқараудың белгісі. Осы арқылы жол ережесін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер да сақтап жүргені жақсы.


 Осындай маңызды іс-шаралар арқылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол көлік апаттар саны азайуы мүмкін. Ал ата-аналар құрсағынан шыққан құлыншағын қараусыз қалдырмағаны жөн дейді тәртіп сақшылары.