Қала әкімі Ғабит Сыздықбеов бірқатар көлік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Қаратау ауданы, “Таскен” тұрғын алабындағы жаңа үлгідегі жайлы мектептің құрылысын аралап көрді.
1500 оқушыға арналған бұл білім ұясы қосымша мектеп орындарын құруға елеулі үлес қосып, білім алу жағдайының жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Абай ауданында Жаскешу, Қобыз, Орда және Ақторғай көшелерін қамтитын орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс қарқынын оң бағалай отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына барлық техникалық талаптардың орындалуына ерекше мән беру қажеттігін айтты. Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы Қалдаяқов көшесінде абаттандырылып жатқан жаңа сквер жобасымен танысты. Бүгінде жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайтын жаңа қоғамдық кеңістік халыққа қолжетімді. Аралау барысында Ғабит Сыздықбеков жауапты тұлғаларға атқарылып жатқан жұмыстың сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ белгіленген мерзім мен стандарттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді жүктеді. Барлық бастамалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағыттан.