21 мамыр - Қазақстан Республикасының Мәдениет қызметкерлері күні. Айтулы датаға орай мәдениет және өнер саласына еңбегі сіңген бірқатар азамат марапатталды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқандарға «Ерең еңбегі үшін», «Мәдениет саласының үздігі» сынды медальдар табысталды. Сондай-ақ мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасы» мен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің алғыс хатын алғандар да бар. Марапатқа ие болғандар туралы Нұрлан Пайзов айтсын.


Көрме орталығына жиналғандардың барлығы өнер мен мәдениеттің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар. Олардың қажырлы еңбегін бағалау, өскелең ұрпаққа үлгі ету игі дәстүрге айналған. Мәденит қызметкерлері күні еңбегі сіңген бір топ азамат марапатталды. Бұл қатарда 20 жылға жуық осы салада еңбек етіп жүрген театр әртісі Мөлдір Зияева да бар. Ол «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


МӨЛДІР ЗИЯЕВА, Ж.ШАНИН АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ӘРТІСІ

95 жылдыққа үздікті алсам бір жылдың ішінде ерең еңбегі үшін мен үшін үлкен мәртебе. Толқып тұрмын әрине. Бұл енді біздің театрда үлкен аға буыннан бір ғана адам алған екен. Шымкент енді облыс жақтар көбінесе еленбей қалады ғой. Бұл мен үшін ғана мемес, театр үшін жалпы Шымкент үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын.


Іс-шарада мәдениет саласының үздіктері марапатын алғандар да бар. Олар А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Өміралиева мен Концерттік-көрме орталығының директоры Зухра Қарабекова. Жалпы мәдениет қызметкерлер күні 2013 жылдан бері тойланып келеді.


ЗУХРА ҚАРАБЕКОВА, КОНЦЕРТТІК-КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Барша әріптестерді және осы салада қызмет етіп жатқан барша азаматтарды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке күні мен мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталып жатырмын. Бұл үлкен бақыт мен үшін. Себебі осы салада атқарылып жатқан еңбегімнің еленгеніне өте ризамыз. Қаламыз мәдениет руханиятқа бай өлке ғой? Барлық өлкемен слалыстырғанда. Сондықтан мәдениетіміз ешқашан артқа кетпей тек қана алдан көрініп атқарып жатқан еңбектерімізді тек республикалық көлемде емес, халықаралық дәрежеге жеткізуге атсалысамыз болашақта.


Жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің алғыс хатын алған өнер адамдары бар. Іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сала қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, өнер – тіршіліктің бір тірегі екенін тілге тиек етті.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қадірлі де қасиетті салада қызмет етіп, ұлт руханиятын еңбек етіп жүрген жандарсыздар. Сол жолда қанаттарыңыз талмасын дейміз. Қаламызда мәдениеттің дамып келе жатқандығы бергісінде биылғы жылдың өзінде 200-ге жуық әр түрлі алаңда театрларда, мәдениет үйлерінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып өткелі отыр. Мұның барлығы сіздердің қатысуларыңызбен өтетіні ақиқат. Сондықтан қанаттарыңыз талмасын. Шығармашылық табыс тілеймін.


 Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде бас аяғы 40 азамат төсбелгі тағып, алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара соңында сала әртістері ән айтып, күй күмбірлетсе, «Қазына» би ансамблінің этнос стиліндегі биі көпшілікті тамсандырды.