Қазіргі қазақстандық қоғамдағы этносаралық төзімділік: жағдайы және беталыстары. Түркістанда осындай атаумен алқалы жиын өтті. Семинарда бас қосқандар этносаралық төзімділік мәселелері бойынша ашық пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелер ортаға салынып, жаңа ұсыныстар мен тиімді шешімдер ұсынылды.
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Түрлі этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырған мемлекетіміз қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Десе де этносаралық татулық пен келісімді сақтауда ортақ мүдде қалыптасуы тиіс,-дейді мамандар.
Семинарда сөз алғандар қоғамдық келісімді нығайту бағытында мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті. Елдің даму кеңістігіндегі этностардың рөлі, олардың экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ықпалы туралы түрлі ұсыныс айтылды.
Этностар арасында келеңсіздікке жол бермеу - баршамызға зор жауапкершілік жүктейді. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына, оның мүшелеріне артылған сенім жүгі жоғары. Бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Жиында бас қосқандардың ойы осыған саяды.