Халықаралық олимпиадада топ жарған шымкенттік оқушылар марапатталды. Жаратылыстану бағытында әлемді мойындатқан жеткіншектер «Жұлдыздар шеруіне» қатысып, қызыл кілемде жүріп өтті.
Шымкентте 290 мектепте 270 мыңнан аса бала білім алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақстатында қосымша үйірмелер де жұмыс істейді. Олардың шығармашылық дағдысын қалыптастырып, ғылыми жобаларға баулуда мектеп әкімшілігінің еңбегі ұшан теңіз. Кезекті жиында осындай дарынды балаларға қолдау білдіріп, оларды жігерлендіруге жол ашылды. Ер балаларға арналған №1 БИЛ 370 бала білім алып отыр. Айтулы іс-шарада соның 185-і арнайы марапатталды. Бұл күні ғцылыми жоба жетекшілері мен белсенді ата-аналар да құрмет төрінен көрінді. Мерейі тасыған оқушылар түрлі пәндік олимпиадаларда жүлдеген атанып, шығармашылық, спорттық сайыстарда топ жарған үздік жастар.
ЕРБОЛ ЕРМАХАНҰЛЫ, ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 БИЛ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жәй ғана бастама. Біз осы арқылы балаларды жігерлендіреміз. Осындай күні біздің жетекшілер ұстаздар да ата-аналар да марапатталып марқайып қаламыз. Сондықтан бүгін мереке.