Құмай тазы кезінде бір ауылды ашаршылықтан аман алып қалған. Иті бар қойшының ұйқысы тыныш, аңшының қанжығасы майлы болады. Өйткені тазы қуса жетеді, қарсы келсе алмайтын аңы жоқ. Қазақтың құмай тазысы сонысымен де құнды, дейді сарапшылар. Ордабасыда бас қосқан ит жанашырлары ұлттық құндылығымызды дәріптеп, тек қазаққа ғана тән осы бір қасиетті мақұлықтың тұқымын сақтап қалу жағын жан-жақты қарастырды.Айтулы шараны республикалық «Қансонар» қауымдастығына қарасты Түркістан облыстық өңірлік филиалы ұйымдастырды.
Жасыратыны жоқ, бүгінде көптеген қазақы құндылықтарымызды өзгелердің иемденіп кетіп жатқаны рас. Бұл жағдай бәріміздің де жанымызға бататыны анық. Әйтсе де арамызда ұлттық мүдде жанашырлары аз емес екен. Міне, осындай азаматтардың арқасында тазыға деген жанашырлық бүгінде артып келеді. Ол заңды да. Өйткені қазақтың құмай тазысы тек қазаққа ғана тән. Бүгінгі шараның да негізгі мақсаты осыны дәріптеу,- дейді ұйымдастырушылар.
Бүгінде таза қанды қазақы құмай тазыны табу қиын. Оның тұқымы азайып барады.Ал бар дегендерінің көпшілігінің қаны араласып кеткен. Сондықтан бүгінгі шараға жиналғандар аңшылық иттерін арнайы мамандардың көмегімен сараптамадан өткізіп,оның қаншалықты таза тұқымды екендігін арнайы құжаттармен бекітті.Атам қазақ тазының ең жүйрігін, аң алғыш ұшқырын ғана құмай тазы деп атаған. Аңға шыққандағы ептілік жылдамдық, әдісқойлық әрекеттері мен батыл қасиеттер тек құмайға ғана тән. Сондықтан да қазақ тазы итін ерекше қастерлеген.
Ордабасы да өткен шараға облысымыздың барлық аумағынан 50- ге жуық тазы итінің жанашырлары жиналды. Олар құмай тазыларды арнай тіркеуден өткізген соң мерекелік шара қайта жалғасып, құмайлар сайысы өткізілді. Шара соңында аңға түсуден алғырлық танытып, жүйрік шыққан құмайлар мен тұқымы таза деген тазылар анықталып, олардың иелері арнайы марапаттарға ие болды.Бала кезінен ат шаптырып, құс салып, тазы жүгіртуді жанына серік еткен Батыр Дәулетхановұлттық құндылығымызды сақтап, болашаққа жеткізу парыз,дейді.
Қазақтың құмай тазысын әлемдік деңгейге шығарумен қатар қазақы төбеттіңде өз орнын табатын күн жетті, дейді ұлт жанашырлары. Өлексе мен өзгенің асына қызықпайтын қазақ жеті қазынаның біріне балаған иттерді меншіктеп алу ұлтқа деген жанашырлықтың үлгісі болмақ.